Модульдік қазандық құрылғылар

МКУ

Модульдік қазандық құрылғылар (МҚҚ) тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік нысандарды жылумен жабдықтауға арналған. Қазандықтарда отын ретінде табиғи газ, сұйылтылған газ (пропан – бутан), сұйық (дизельді) отын пайдаланылады.
МҚҚ шағын келген, үлкен орын алмайды.
Қазандықтар мемлекеттік сараптаманы талап етпейтін тапсырыс берушінің және біздің жобаның техникалық тапсырмасы негізінде дайындалады.
Жеке өндіріс базамыз біздің МҚҚ толық зауыттық дайын өнім күйінде жеткізуімізге және құрастыру мерзімі мен құнын азайтуымызға мүмкіндік береді.
МҚҚ оларды автоматты басқарумен және қызмет көрсетуші маманның қатысуынсыз, автоматты тәртіпте пайдалануға мүмкіндік беретін қауіпсіздікпен жабдықталған.
Жылыту бейініндегі жылу берушінің температурасы отынды айтарлықтай үнемдеу мен жылытатын бөлмедегі қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін сыртқы ауаның (ауа райына тәуелді басқару) температурасына қатысты реттеледі. Ыстық сумен жабдықтау бейініндегі су температурасы тұрақты түрде 55-602С-ты ұстап тұрады.
Қазандықтарда заманауи құрылыс және әрлеу материалдары қолданылды, сыртқы әрлеуі түрлі-түсті ламинатталған мырышталған болат панельдердің «сэндвичінен» жасалған.

МҚҚ құрамдас бөлігіне енеді:

  • тасымалдауға жарамды блок-модулінен тұратын блокты-модульдік ғимарат
  • жағу құрылғылары бар қазандықтар
  • ішкі газды және/немесе сұйық отынды жабдық
  • тораптық судың ішкі бейінінің блогы
  • ыстық су дайындау блогы (ЫСЖ)
  • тораптық суды дайындау блогы (бірнеше тәуелсіз бейіндерге арналған нұсқалар болуы мүмкін)
  • ыстық сумен жабдықтау сорғыларының блогы (ЫСЖ)
  • жылыту желісіндегі орнықты қысымды сіңіру және ұстап тұруға арналған бастапқы судың химиялық су дайындау блогы
  • қазандықтың қосымша жабдығы
  • электрлі қуаттандыру тақтасы
  • қазандық жұмысын басқару тақтасы (электрлі қуаттандыру тақтасымен бірігуі мүмкін)
  • электрлі жабдығы
  • жылыту және жою-тарту желдеткішінің жүйесі
  • өрт-күзет дабылы
  • метан мен СО бойынша ластанушылық дабылы
  • берілген жылу энергиясының, су құбыры суының шығынының, сіңген су шығынының, жұмсалған отын мен тұтынылған электр қуаты шығынының коммерциялық есебінің түйіні
  • қазандық жұмысын алыстан басқаруға арналған диспетчерлік тақта
  • түтін құбырлары