1.1.1.2.1.3.

«Павлодарский котельный завод» ЖШС 1998 жылы құрылды. Өндірістік қазандықтар мен қазандық жабдықтарын өндіру бойынша Компания зауыты Павлодар қаласында орналасқан. Компанияның Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында филиалдары бар.

«Павлодарский котельный завод» ЖШС 15 жылдан астам уақыт бойы технологиялық мақсаттарға арналған жылытудың өндірістік жүйелерінде және ыстық сумен жабдықтауда басым пайдаланылатын сұйық, қатты және газ текті отынмен пайдаланатын бу және су ысытатын қазандар өндіреді, тұрғын және өндірістік мақсаттардағы нысандарға арналған қазандықтар салуды жүзеге асырады, модульдік қазандық қондырғыларын орналастырады, мұнай өңдеу станцияларына арналған қазандық жабдығын жеткізеді. Осы уақыт ішінде біз 3 ірі қазандық салдық, «КазТрансОйл» АҚ Батыс және Шығыс филиалдарындағы мұнай құбырларының түрлі учаскелерінде 52 модульдік қазандықтар орнаттық.

2010 жылдан бастап «Павлодарский котельный завод» ЖШС айналып қайнап тұратын қабатта қатты отын бөлшектерін жағу технологиясы бойынша қазандар жасайды. Бұл технологияның артықшылығы отын ретінде ол төмен калориялы көмір мен отынның дәстүрлі емес түрлерін (торф, шламдар, жаңқа және ағаштық басқа да қалдықтар мен т.б.) пайдалануға мүмкіндік беретіндігімен ғана емес, бір жағу құрылғысында отындардың алуан түрлерін жағу мүмкіндігімен де байланысты..

Қазақстанның көп өңірлерінде орнатылған біздін зауытымыз жылу қазандықтары 16 жылу маусымында өзін аса жоғары деңгейде көтере білді. Бүгінгі күні Қазақстанның көп қалаларында, сонымен қатар мектептер, ауруханалар, балалар үйі, балалар бақшасы сияқты мемлекеттік мекемелерінде 300-ден астам қазандықтар жұмыс істейді. Зауыт шығарған қазандықтар пайдалану жағынан алғанда қолайлы және автоматтандырылған, қазандықтар 72 сағат бойы оператордың қатысуынсыз жұмыс жасауға мүмкіндік беретін SCADA автоматты басқару жүйесімен жабдықталады. Зауыт жанында қазандықтардың жұмыс жобаларын дайындайтын жеке жобалық-сметалық бюросы бар.

Компанияның құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық түрлеріне, соның ішінде қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен құбыр жолдары секілді жарылыстан қорғайтын электротехникалық жабдықты дайындауға, құрастыруға және жөндеуге жауапкершіліктің 1-санатты мемлекеттік лицензиясы бар. Сонымен қатар Компанияның архитектуралық және жобалық қызметтер саласындағы жұмыстарды орындауға 2-санатты мемлекеттік лицензиясы бар.

Өзінің көп жылдық жұмыс тәжірибесінің және жинақтаған білімінің арқасында «Павлодарский котельный завод» ЖШС өз клиенттерінің талаптарын қанағаттандыру мақсаттарында ең жақсы және экономикалық жағынан пайдалы шешім жасауды қамтамасыз етеді.